<?xml version="1.0" encoding="UTF-8"?><song><lyrics>[V1]
 Екі мың жыл өтіп кетті арада,
 Құтқарушы туылғалы анадан.
 Дүние Оны танымады, білмеді.
 Танығандар мәңгілікке бірге енді.

[V2]
 Қанша ғасыр өтіп кетті арадан,
 Иса сөзі бізге келіп жеткенше.
 Қанша халық өтіп кетті дүниеден,
 Иса сөзін естіместен, білместен.

[V3]
 Қуанышпен қабыл алшы, ей, халқым,
 Ізгі хабар келіп жетті бізге де.
 Құдайыма мың бір шүкір айтамын,
 Жалғыз Ұлын таныстырған біздерге.

[V4]
 Өткен күнге ой жіберіп қарасам,
 күнә деген батпаққа мен батыппын.
 Сол азаптан Иса мені шақырды,
 жол көрсетіп жұмақ деген қалаға.

[V5]
 Өмірін де, өлімін де Исаның,
 пайғамбарлар айтып кеткен алдыңда.
 Азап шекті бүкіл дүние халқы үшін.
 Айналайын Иса деген атыңнан.

[V6]
 Шаршамастан дұшпанменен айқаста,
 аспандағы жәннәт деген жер үшін.
 Төкті қанын бүкіл дүние елі үшін,
 сол қанының бір тамшысы мен үшін.</lyrics>
<title>Екі мың жыл өтіп кетті арадан</title>
<author>Токмуратова Ш., Абдимакимова Н.</author>
</song>